Контентке өту

«Ар-намысыма тиді»: Анарбекова кастингтегі ұсыныс жайлы ашық айтты

«Ар-намысыма тиді»: Анарбекова кастингтегі ұсыныс жайлы ашық айтты
ашық дерек

Белгілі актриса әрі продюсер Куралай Анарбекова журналист Дина Толепберген-ге берген сұхбатында шоу-бизнес саласының көпшілік біле бермейтін тұстары туралы ашық айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұл салада кейде мансаптық өсуге байланысты екіұшты, тіпті адамдық қадір-қасиетке тиетін ұсыныстар да кездеседі. Анарбекова мұндай жағдаймен өзінің де бетпе-бет келгенін жасырмады.

Актриса «Корлан» образынан кейін режиссерлер мені құрметтеп, кастингсіз-ақ басты рөлдерге шақырады деп ойлағанын айтады. Алайда кезекті бір кастинг барысында күтпеген жағымсыз жағдайға тап болған.

Оның айтуынша, бір режиссер кешке кездесіп, бірге шарап ішіп, «көңіл көтеруді» ұсынған. Бұл ұсыныс актрисаны қатты таңғалдырған. Себебі ол адамның отбасы бар екенін және өзінен әлдеқайда үлкен екенін білген.

«Мен батыстан шыққан қыз болғандықтан, өте дөрекі жауап бердім», – дейді ол.

Куралай Анарбекова бұл оқиғадан кейін көп ойланғанын жеткізді. Оның пікірінше, дәл осы жағдай өміріндегі маңызды шешімдердің біріне себеп болған.

«Сол кезде мен актрисаның ғұмыры қысқа ма деп ойландым. Даму керек екенін түсіндім. Режиссерден жоғары тұратын адам – продюсер екенін ұқтым. Содан кейін қайда білім алуға болады деп ойланып, Мәскеуге оқуға кеттім», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, Мәскеуде білім алып, Қазақстанға оралғаннан кейін де саладағы жағдай толық өзгермегенін байқаған. Дегенмен дәл сол оқиға оның продюсерлік жолды таңдауына үлкен әсер еткен.

«Егер сол жағдай болмағанда, бәлкім, мен продюсер де болмас едім», – деп қорытындылады ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты