Контентке өту

Димаштың фанаттары «Дайдидауды» қазақ тілінде орындады

Димаштың фанаттары «Дайдидауды» қазақ тілінде орындады
ашық дерек

Латын Америкасының жеті елінен жиналған Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақ мәдениетіне деген құрметін ерекше жоба арқылы білдірді. Олар бірігіп, қазақтың халық әні «Дайдидауды» қазақ тілінде орындап, бейнебаян түсірген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Халықаралық бастама LATAM Voces del Amor атауымен жүзеге асты. Жобаға Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентина елдерінің өнерсүйер тыңдармандары қатысқан.

Жанкүйерлер бұл жобаны Қазақстанға және оның бай мәдени мұрасына деген құрмет белгісі ретінде жүзеге асырғанын айтады. Олардың сөзінше, Димаштың шығармашылығы тек әнімен ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеуімен де ерекше әсер қалдырады.

Жобаға қатысушылардың барлығы әнді қазақ тілінде орындауға тырысқан. Бұл – олардың өнер иесіне деген ықыласымен қатар, қазақ халқының тілі мен дәстүріне деген сыйластығын көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба көпшіліктің жылы пікіріне ие болып, қазақстандықтардың да ризашылығын тудырды. Көпшілік шетелдік жанкүйерлердің қазақ әнін орындауын мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қадам ретінде бағалап отыр.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Олар өздерін «Dears» деп атап, әншінің шығармашылығын ғана емес, қазақ мәдениетін де кеңінен насихаттауға үлес қосып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты