БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
ашық дерек
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізіп, чемпион атанды

Australian Open додасының ақтық финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі **Арина Соболенко**мен кездесіп, тартысты өткен үш сетте жеңіске жетті. Шешуші матч 6:4, 4:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Бұл жеңіс қазақстандық теннис тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірі ретінде бағаланып отыр. Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 4 миллион 150 мың аустралиялық доллар көлемінде сыйақы алады. Бұл салықты қоспағанда шамамен 1 миллиард 472 миллион теңгеге тең.

Ал финалға дейін жетіп, екінші орын иеленген Арина Соболенко 2 миллион 150 мың аустралиялық доллар (шамамен 763 миллион теңге) табыс тапты.

Сонымен қатар, осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина WTA рейтингінде 2000 ұпай жинап, бесінші орыннан бірден үшінші сатыға көтерілді. Бұл нәтиже оның әлемдік теннистегі орнын одан әрі нығайта түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина 2025 жылдың қараша айында өткен WTA қорытынды турнирінде топ жарып, 5 миллион 235 мың АҚШ доллары (шамамен 2,7 миллиард теңге) көлемінде сыйақыға ие болған болатын.

Осылайша, Рыбакина соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан спортындағы ең табысты әрі танымал спортшылардың біріне айналып отыр.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар