Алматы облысында бір отбасының төрт адамы өлі күйінде табылды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 15:12
- 16
Оқиға Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында болған. Әлеуметтік желілерде марқұмдар қатарында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және бір жарым жастағы қыз бала бар екені айтылды. Сондай-ақ олардың қысқы жайылымда тұрғаны туралы мәлімет тарады.
Алматы облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, 2 ақпан күні шаруа қожалығы орналасқан аумақтағы жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен. Оларды туыстары анықтаған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы тексеріліп жатыр, ал өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция департаментінің өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың мамандары барған. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар шулы істерден кейін Шымкентке жаңа полиция басшысы келді
- авторAdmin
- Бүгін, 16:15
Ресейден Қазақстанға қарай газ құбыры 2030 жылы іске қосылуы тиіс
- авторAdmin
- Бүгін, 16:09




