Конституциялық реформа және мәдениет саласы: ұлттық мұраны сақтау бағытындағы жаңа мүмкіндіктер
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 08:54
- 7
Жиын барысында Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа конституциялық нормаларда ұлттық мәдени мұраны сақтау, тарихи ескерткіштерді қорғау, шығармашылық еркіндікті қолдау және мәдени әртүрлілікті дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылып отырғаны атап өтілді.
Мәдениет – ұлттың рухани негізі екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциялық реформа мәдениет саласының дамуына серпін беріп, сала қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға әрі олардың қызметін тиімді жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастыратыны айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар мәдениет ұйымдарының жұмысын жетілдіру, мәдени мұраны қорғаудағы заңнамалық тетіктерді күшейту, өңірлік мәдениетті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар Конституциялық реформаның қоғамдағы әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны, бұл өз кезегінде мәдениет саласының дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, мәдениет саласы өкілдерінің реформаның мәнін жан-жақты түсінуіне ықпал ететін болады.
сып, мәдениет саласы мамандарының реформаның мазмұнын терең түсінуіне ықпал етпек.




