Жаңалықтар
Референдумда қабылданған Конституция күні мемлекеттік мереке болып жарияланады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 11:00
- 19
Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты қорытынды және өтпелі ережелер қоғам назарын аударып отыр. Бұл туралы Жаңа Конституция жобасының қорытынды бөлімінде айтылған.
«Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.
Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады», – делінген 94-бапта.
Осылайша, жаңа Конституцияның қабылдануы елдің құқықтық жүйесінде жаңа кезеңнің басталуына негіз болмақ. Сонымен қатар, Конституция қабылданған күннің мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі оның тарихи маңызын айқындай түседі.




