Жаңалықтар
Мерген Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 17:55
- 6
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Аталған бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті.


