БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мерекелік жеңілдіктер кезінде интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз - ІІМ ескертуі

Мерекелік жеңілдіктер кезінде интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз - ІІМ ескертуі
Ғашықтар күні қарсаңында көптеген адам жақындарына ерекше сыйлық табуға тырысады. Осы кезеңде түрлі акциялар, жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар көбейеді. Алайда мұндай қарбаласты интернет-алаяқтар да пайдаланып, жалған сайттар жасап немесе әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға әрекет етеді.

Сыйлық іздеу қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына әкелмеуі үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Ішкі істер министрлігі азаматтарға онлайн сатып алу кезінде барынша мұқият болуға кеңес береді.

Ең алдымен тауарды тек сенімді, бұрын тексерілген интернет-дүкендерден немесе ресми маркетплейстерден алған дұрыс. Әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеу қажет. Егер ұсынылған баға шектен тыс арзан болса, бұл алаяқтық белгісі болуы мүмкін.

Сатушыдан тауардың шынымен бар екенін растауды сұрап, мүмкін болса бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтінген жөн. Алаяқтар көбіне мұндай тексерістен қашқақтап, геолокация не өңделген фотолар жіберуі мүмкін.

Сондай-ақ төлем жасағанда сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді жүйелерге аудармаған дұрыс. Ең бастысы - жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға пароль, SMS-код, CVV-код немесе банк картасының толық мәліметін ешқашан бермеңіз.

Сақтық шараларын ұстану - интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар