Жаңалықтар
Тау шаңғысы: Александра Скороходова 2026 жылғы Олимпиадада дебют жасады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 17:55
- 7
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тау шаңғысынан өнер көрсетуді бастады.
Әйелдер арасындағы супергигантта Қазақстан атынан Александра Скороходова сынға түсті.
Отандасымыз 1:31.22 уақыт көрсеткішін тіркеді. Осылайша ол 25-орын алды.
Италиялық Федерика Бриньоне (1:23.41) жарыста жеңімпаз атанды. Күміс жүлде франциялық Роман Мирадолиға (1:23.82) бұйырды. Ал австриялық Корнелия Хюттер (1:23.93) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, сондай-ақ Александра Скороходова слалом және слалом-гигантта сынға түседі.
Бұл Александра Скороходова үшін алғашқы Олимпиада ойындары.
Келесі мақала


