Алматыда біреу итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген: адамшошырлық кадрлар
- author Admin
- Бүгін, 17:53
- 2
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Полицейлер көлік жүргізушісін анықтаған.
«Көлік иесі анықталды. Ол жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді ПД өкілдері.
Полиция жануарларға жасалған кез келген қатыгездік фактілері тіркеліп, заңға сәйкес тексерілетінін еске салды. Азаматтардың барлық өтініштері есепке алынып, кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жауап береді.
Жауапкершілік қандай?
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
ӘҚБтК-нің 407-1-бабы бойынша айыппұл 5-тен 40 АЕК-ке дейін (2026 жылы шамамен 21 625 – 173 000 теңге).
ҚК-нің 316-бабы бойынша (жарақат келтіру немесе өлімге әкелу жағдайында) айыппұл 120-дан 1000 АЕК-ке дейін (519 мың – 4,3 млн теңге). Ең ауыр жаза – 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.




