Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңіп, жүлде иеленді

Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңіп, жүлде иеленді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы Александра Костенюкті (Швейцария) көрме матчінде жеңіп, қомақты жүлде қаржысын иеленді. Бұл нәтиже оның халықаралық деңгейдегі тұрақты жоғары формасын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан шахматы үшін маңызды жетістік ретінде бағаланып отыр.

Фишер шахматы форматындағы Women’s Exhibition Match кездесуінде шахматшылар 25+10 уақыт бақылауымен төрт партия өткізді. Соның екеуінде Бибісара басым түсіп, матч қорытындысы 2,5:1,5 есебімен оның пайдасына шешілді. Жалпы жүлде қоры 15 мың долларды (шамамен 7,5 млн теңге) құрады.

Бибісара Асаубаева – Қазақстан тарихында блиц шахматтан үш мәрте әлем чемпионы атанған алғашқы шахматшы. Ол 2025 жылдың соңында үшінші рет әлем чемпионатын жеңіп алып, ерекше жетістікке қол жеткізді.

Аталған әлемдік жеңіс қазақстандық шахматшыға шахмат тәжіне үміткерлер турниріне қатысу мүмкіндігін берді. Бұл дода 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар