Жаңалықтар
Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:18
- 8
Бүгін Жамбыл облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары және Ассамблея құрылымдарының өкілдері қатысқан кездесу өтіп, онда жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін референдумның маңызы талқыланды. Бұл басқосу қоғамдағы келісімді нығайту және конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру тұрғысынан маңызды болды.
Кездесу барысында ҚХА төрағасының орынбасары, сондай-ақ облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары конституциялық реформаның өзектілігі мен ел дамуына ықпалы жөнінде баяндама жасады.
Жиынға «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, «Atameken» кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтай және «Respublica» партиясының облыстық филиалының төрайымы Айнұр Келімбетова қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен кездесуде этнос өкілдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Қатысушылар жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатынын атап өтіп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.




