Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда білім саласы өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды

Таразда білім саласы өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды
Бүгін Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары мен Тараз қалалық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Кенжебек Олжабай білім беру мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады. Кездесу алдағы референдум қарсаңында конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру тұрғысынан өзекті болды.

Жиында жаңа Конституция жобасында адам капиталын дамытуға, білім, ғылым, мәдениет пен инновация салаларын қолдауға ерекше назар аударылғаны айтылды. Бұл ел дамуының басты факторы табиғи ресурстар ғана емес, азаматтардың білімі мен әлеуеті екенін айқындайтын маңызды бағыт ретінде атап өтілді.

Сонымен қатар құжатта дін мен мемлекеттің рөлін нақты ажырату, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын сақтау мәселелері де қамтылғаны түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, конституциялық реформалардың қоғам үшін маңызы жөнінде ой бөлісті.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар