Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таяу Шығыстағы ахуал: ҚР Сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмыс істеуде

Таяу Шығыстағы ахуал: ҚР Сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмыс істеуде
Таяу Шығыстың бірқатар елдеріндегі әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмысын жалғастыруда. Ведомство өңірдегі жағдайды тұрақты бақылауға алып, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктер арқылы Қазақстан азаматтарына жедел консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймақтарында қазақстандықтардың ең көп саны Біріккен Араб Әмірліктерінде – шамамен 3 500 адам, Сауд Арабиясы Корольдігінде – 3 000-ға жуық адам және Қатарда – 1 500-ге жуық азамат. Сонымен қатар Иранда 82, Бахрейнде 168, Кувейт пен Иорданияда әрқайсысында 134-тен, Израильде шамамен 100 Қазақстан азаматы тіркелген.

Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабылған. Осыған байланысты рейстер тоқтатылып, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, БАӘ-дегі қонақүйлерде қазақстандықтарға жағдай тұрақталғанға дейін тұру және тамақтану қамтамасыз етілген.

Шиеленіс аймақтарынан ықтимал эвакуациялау бағыттары пысықталуда. Қауіпсіздік мақсатында азаматтарға жергілікті билік органдарының ұсынымдарын қатаң сақтау және өз бетінше қозғалыстан бас тарту ұсынылады. Эвакуациялық рейстер ұйымдастырылған жағдайда, ең алдымен қарт адамдарға, әйелдер мен балаларға басымдық беріледі.

Бұған дейін Тегеран қаласынан Қазақстанның 50 азаматы шығарылды. Сондай-ақ Ираннан көрші елдер арқылы эвакуациялау мәселесі бойынша бірқатар мемлекеттердің құзыретті органдарымен уағдаластықтарға қол жеткізілді. Армения, Әзербайжан және Түрікменстан тараптары қазақстандық азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуіне жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.

Жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін министрлік заманауи цифрлық құралдарды, соның ішінде Kaspi инфрақұрылымын пайдаланып, өңірдегі азаматтарға ресми ақпаратты дер кезінде жеткізу жүйесін іске қосты.

Сыртқы істер министрлігі жағдай толық тұрақтанғанға дейін азаматтарды сабыр сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға және ресми ақпарат көздерін мұқият қадағалауға шақырады. Қосымша мәліметтер министрліктің және шет елдердегі мекемелердің ресми ресурстарында жарияланып отырады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар