Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Flydubai Қазақстанға рейстерді қайта бастайды, Air Astana репатриациялық ұшуларды жоспарлауда

Flydubai Қазақстанға рейстерді қайта бастайды, Air Astana репатриациялық ұшуларды жоспарлауда
Аймақтағы жағдайға байланысты уақытша шектеулерден кейін бірқатар әуе қатынастары кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. 2026 жылғы 3 наурызға қараған түні Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, FZ1533 бағыты бойынша Дубай – Алматы рейсі (170 орын) және FZ1395 бағыты бойынша Дубай – Астана рейсі (170 орын) жүзеге асырылады. Бұл рейстер Қазақстан азаматтары мен жолаушылардың елге оралуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Air Astana әуе компаниясы Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарды елге жеткізу мақсатында репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр. Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсаттар алынған жағдайда, 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 рейс ұйымдастырылмақ.

Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер негізінде жүзеге асырылады. Бұл рейстер, ең алдымен, аймақта уақытша қалып қойған азаматтардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын жіті бақылап, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетуде. Қосымша ақпарат әуе компаниялары мен құзырлы органдардың ресми ресурстарында жарияланып отырады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар