Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты: елдегі демографиялық өсім жалғасуда

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты: елдегі демографиялық өсім жалғасуда
Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, ел халқының жалпы саны 20 518 005 адамға жеткен. Оның ішінде 13 106 358 адам қалаларда, ал 7 411 647 адам ауылдық жерлерде тұрады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда урбанизация үдерісінің қарқынды жалғасып жатқанын аңғартады.

Ең тығыз қоныстанған өңірлер қатарында Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Алматы облысында 2 351 424 адам, ал Түркістан облысында 2 146 420 адам тіркелген. Сонымен қатар, Астана қаласының халқы 1 649 242 адамға жетсе, Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады. Шымкент қаласында 1 298 279 тұрғын бар. Жамбыл облысының халқы 1 215 360 адамды құрайды. Қарағанды облысында да халық саны 1 миллионнан асып, 1 131 435 адамға жеткен.

Жыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артқан. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім есебінен, ал 2,3 мыңы оң миграциялық сальдо нәтижесінде тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстан 20 миллиондық межеге алғаш рет 2023 жылғы қараша айында жеткен болатын. Бүгінгі таңда демографиялық өсімнің сақталуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін маңызды фактор ретінде бағалануда.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар