Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шымкентте бір кіреберісте төрт адам газдан уланып көз жұмды

Шымкентте бір кіреберісте төрт адам газдан уланып көз жұмды
ашық дерек
Шымкент қаласында бір көпқабатты үйдің кіреберісінде төрт адам газдан уланып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай бірнеше пәтерде бір уақытта тіркелген.

Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіттері табылған. Сонымен қатар, сол кіреберістегі екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіттің денесі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде студенттің қайтыс болғаны белгілі болды.

Тұрғындардың сөзінше, бірнеше күн бойы подъезде газдың иісі сезілген. Алайда бұл жағдайға ешкім дер кезінде назар аудармаған. Соның салдарынан қайғылы оқиға орын алды деген болжам бар.

Қазіргі уақытта газ қызметі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Аталған дерек бойынша полиция адам өліміне әкеп соқтырған қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар