Қазақстан азаматтары дауыс беру учаскесін онлайн түрде тексере алады. Бұл мүмкіндік 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында іске қосылған арнайы цифрлық сервис арқылы қолжетімді.
Азаматтар дауыс беретін пунктті eGov mobile мобильді қосымшасы немесе gov.kz порталы арқылы оңай таба алады.
Сервисті пайдалану үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет:
«Референдум» арнайы баннерін таңдау;
жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу;
тіркелген өңірді көрсету.
Осы мәліметтерді енгізгеннен кейін жүйе азаматқа тіркелген дауыс беру учаскесінің нақты мекенжайын көрсетеді.
Бұл сервис азаматтарға өз учаскесін алдын ала анықтап, референдум күні дауыс беруге ыңғайлы түрде дайындалуға мүмкіндік береді.



