Иран президенті көрші елдерге үндеу жасап, әскери шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 19:30
- 4
Президенттің сөзінше, Иран аймақтағы көрші мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейді. Сонымен қатар ол Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету алдымен осы аймақта орналасқан елдердің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Бұған дейін 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ірі әскери операция бастағаны хабарланған. Израиль билігі бұл қадамды Тегеранның ядролық қару жасау мүмкіндігін шектеу мақсатымен түсіндірсе, АҚШ тарапы Иранның әскери инфрақұрылымына соққы жасалатынын мәлімдеген.
Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметіне сәйкес, аталған шабуылдар салдарынан кемінде мыңға жуық адам қаза тапқан. Қаза болғандардың арасында елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің де бар екені айтылды.
Бірқатар халықаралық ақпарат құралдары зымыран соққылары тек әскери нысандарға ғана емес, азаматтық инфрақұрылымға да тигенін хабарлады. Осы жағдайға жауап ретінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базаларға соққы жасаған.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп әскери операция бастапқыда жоспарланған мерзімнен ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы шабуылдар әрі қарай да жалғасуы ықтимал екенін айтты.




