Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
- author Admin
- Бүгін, 09:50
- 13
Фариза Алмасқызының айтуынша, көпшіліктің сұрауына байланысты ол іске қатысты мәліметтерді жариялаған. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Жақсыгенге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс тіркелген.
«Бүгінде Жақсыген Н. үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 115-1-бабы және ҚР ҚК 274-баптың 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша іс тіркелді. Біз адвокатым екеуміз бұл істерді сотқа дейін жеткізіп, соңына дейін барамыз. Заң алдында тиісті жазасын алады», – деп жазды ол.
ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы «Сталкинг» (адамды аңду немесе ізіне түсу) әрекеттеріне қатысты. Бұл бап бойынша 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Ал 274-баптың 2-бөлігі, 3-тармағында «көрінеу жалған ақпарат тарату» қылмысы үшін 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Алмасқызы экс-күйеуі Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен арыз түсіретінін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде актердің бұрынғы жұбайын балағаттағаны және оқырмандарға тіл тигізгені туралы жазбалар таралып, желі қолданушылары оның әрекетін сынға алған еді.


