Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда 1 миллионнан астам әйел кәсіпкерлікпен айналысады

Қазақстанда 1 миллионнан астам әйел кәсіпкерлікпен айналысады
ашық дерек
2025 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 1 миллионнан астам әйел шағын және орта бизнесті басқарып отыр. Бұл – елдегі барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 48,1%-ын құрайды.

Әйелдер кәсіпкерлігі еліміздің түрлі саласында белсенді дамып келеді. Атап айтқанда, олар сауда, қызмет көрсету, сұлулық индустриясы, қоғамдық тамақтану, білім беру жобалары сияқты бағыттарда табысты жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік бастамаларды дамытуға да үлес қосуда.

Мамандардың айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар. Бұл бағытта ақпараттық және консультациялық көмек көрсету, жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау, іскерлік байланыстар орнату сияқты тетіктер жүзеге асырылуда.

Экономика министрлігінің мәліметінше, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының да маңызы зор.

«Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін төрт негізгі құрал бар. Олар – ақпараттық-консультациялық көмек, жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау, іскерлік байланыстарды дамыту және жергілікті өндірушілердің әлеуетін ашуға көмектесетін “Бір ауыл – бір өнім” жобасы. Бұл бастама ауылдық жерлердің экономикалық дамуын күшейтуге мүмкіндік береді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, әйелдер кәсіпкерлігінің артуы ел экономикасының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар