Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда «Махаббат алаңы» атты ерекше форматтағы музыкалық кеш өтті

Таразда «Махаббат алаңы» атты ерекше форматтағы музыкалық кеш өтті
ашық дерек
Күні кеше Тараз қаласында театр сахнасында café-formatтағы жаңа музыкалық кеш — «Махаббат алаңы» атты әсерлі премьера өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл кеш көрермендерге поэзия мен жанды музыканың үйлесім тапқан өзгеше атмосферасын сыйлады.

Кеш барысында театр артистері махаббаттың нәзік сезімдерін әуезді әндер мен жүрекке жететін поэзия арқылы жеткізді. Сахнада орындалған әрбір ән мен оқылған әрбір өлең көрермендердің көңілін толқытып, залға жиналған жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды.

Музыкалық кештің басты ерекшелігі — оның еркін әрі жылы атмосферасында болды. Café-formatтағы қойылым сахна мен көрермен арасындағы шынайы байланысты күшейтіп, өнер сүйер қауымға ерекше рухани кеш сыйлады. Әрбір сөз бен әуен көрерменнің жүрегіне жетіп, кеш бойы әсерлі көңіл күй қалыптастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Махаббат алаңы» – тек концерт немесе қойылым ғана емес, сезім мен сырдың, өнер мен шабыттың тоғысқан рухани кездесуі. Көктемнің алғашқы күндерінде өткен бұл кеш көрермен жүрегіне жылу мен әдемі әсер қалдырды.

Музыкалық кештің қоюшы-режиссері және инсценировка авторы – Елдос Ақылов. Ал кештің көркемдік безендірілуіне суретші Аружан Адырбек жауапты болды.

Театр ұжымы премьера кешіне келіп, қолдау білдірген барлық көрерменге алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай ерекше шығармашылық кездесулер жалғасын табатынын жеткізді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар