Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Димаш Құдайберген мен Самал Еслям ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслям ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
ашық дерек
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының арнайы марапаттарына ие болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген түркі мәдениетін дамытуға және оны халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан зор үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы — «Түркі әлемінің мәдени елшісі» орденімен марапатталды.

Айта кету керек, Димаш Құдайберген бұл беделді марапатты алған екінші тұлға атанды. Бұған дейін аталған орден Түркиялық ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санжарға табысталған болатын.

Сонымен қатар қазақстандық актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» арнайы жүлдесі берілді. Актриса халықаралық кинофестивальдердегі табыстары арқылы қазақстандық кино өнерін әлемге танытып келеді.

ТҮРКСОЙ — түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау, дамыту және оны халықаралық деңгейде насихаттауды мақсат ететін халықаралық мәдени ұйым. Ұйым аясында түрлі мәдени жобалар, фестивальдер мен шығармашылық бастамалар жүзеге асырылады.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар