Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

АҚШ Иранның әскери кемесін суға батырды: 87 адам қаза тапты

АҚШ Иранның әскери кемесін суға батырды: 87 адам қаза тапты
ашық дерек
АҚШ Иранның әскери кемесін атып, суға батырғаны хабарланды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кеме ішінде болған 87 адам қаза тапқан. Оқиға Шри-Ланка жағалауына жақын, халықаралық суларда болған.

Бастапқы ақпаратқа сәйкес, әскери кемеде шамамен 140 адам болған. Алғашында экипаж мүшелерінің барлығы із-түзсіз жоғалды деп хабарланған. Кейін Шри-Ланка билігі 32 адамды құтқарып үлгергенін мәлімдеді.

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет бұл операцияға қатысты пікір білдіріп, америкалық әскери күштердің әрекетін жоғары бағалады.

«1996 жылы құрастырылған кемені 2026 жылы жойдық. Иран теңіз күштері енді жоқ деуге болады. АҚШ субмаринасы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет торпеда қолданды. Егер біреу бізге қауіп төндірсе, біз оны тоқтатамыз», – деді ол.

Осы оқиғадан кейін жағдай күрт шиеленісе түсті. Иран Түркия аумағындағы Инджирлик әскери базасына дрондармен шабуыл жасаған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл әрекет жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің әуе қорғаныс жүйелері өз міндетін толық орындап, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген.

«Түркия әрқашан өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Бұл жолы да әуе қорғанысы күштері өз міндетін абыроймен атқарды. Қазір біз НАТО-мен кеңес жүргізіп жатырмыз. Кейін нақты жауап беруге дайынбыз. Бұл шабуыл міндетті түрде жауапсыз қалмайды», – деді Ердоған.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұл әскери операцияға жоғары баға беріп, Иранның ядролық қаруға қол жеткізуі аймаққа үлкен қауіп төндіретінін айтты.

«Бұл операцияға 10 балдың орнына 15 балл берер едім. Біздің әскер өте қуатты. Иран көптеген жыл бойы қауіп төндіріп келді. Егер олар ядролық қаруға қол жеткізсе, Израильді жойып жіберуі мүмкін еді», – деді АҚШ президенті.

Қазіргі уақытта тараптар арасындағы шиеленіс халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын күшейтіп отыр. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы қауіпсіздік ахуалына әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар