Атыраудағы отбасы қазасы: күдіктінің бұрынғы жұбайы психикалық орталыққа орналастырылды
- author Admin
- Бүгін, 15:28
- 12
Олардың айтуынша, бұған дейін де Ақбаянның психикалық денсаулығына қатысты күрделі мәселелер болуы мүмкін екені айтылған. Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы Гүлнар Азмұқанованың сөзінше, келіні дәрігерлердің бақылауында болған.
Ол әйелдің бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін, шамамен бір жыл бұрын, ауыр психологиялық күйге түскенін айтады. Сол себепті оған арнайы ем қажет болған. Сонымен қатар, медициналық себептермен олар бұған дейін Түркияға да барғанын жеткізген.
Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2022 жылдан бері ресми некеде болмаған. Күдіктінің анасының айтуынша, олардың ажырасуы әйелдің ата-анасының талабымен рәсімделген.
Еске салайық, жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесі — Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері 9 наурыз күні табылды. Олардың денелері бұрын Сәрсемәлиев жалға алып тұрған Геолог кентіндегі үйдің ауласынан шыққан.
Іздестіру жұмыстары кезінде аумақ арнайы техникамен, соның ішінде жер астындағы нысандарды анықтайтын георадарлармен тексерілген. Бұл жер бұрын да қаралғанымен, сол кезде іздеу нәтижесіз аяқталған.
Қазіргі уақытта табылған мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, олардың нақты қандай жағдайда көз жұмғаны анықталып жатыр.
Ал отбасының ата-анасы — Насипа Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалиннің денелері бұған дейін, 6 қаңтар күні, Жангелдин ауылынан табылған. Сараптама олардың көптеген пышақ жарақатынан қаза болғанын көрсеткен.




