Қазақстанда референдумға 12,4 миллионнан астам азамат қатыса алады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:35
- 17
Қатысушылардың тізімдерін қалыптастыру «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 25-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тізімдерді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасының негізінде жасайды. Әрбір дауыс беру учаскесіне арналған тізімдер әкімнің қолымен бекітіліп, дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын учаскелік комиссияларға акт арқылы тапсырылады.
2026 жылғы 27 ақпаннан бастап азаматтар референдумға қатысушылар тізімімен учаскелерде және онлайн форматта таныса алады. Егер азаматтар өз деректерін нақтылау немесе түзету қажет деп есептесе, тиісті өтініштері түскен күні қаралады.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарлары барысында еліміздің 20 өңіріндегі референдум учаскелерінің дайындығы тексерілгенін айтты. Тексеру барысында учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, комиссия мүшелерінің дайындығы және азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары бағаланған.




