Референдум учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға толық бейімделуде
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:36
- 18
Учаскелерде арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, компьютерлер, лупалар және қосымша жарықтандыру құралдары орнатылған. Сондай-ақ бюллетеньдерді толтыруға арналған Брайль қарпімен жасалған арнайы трафареттер мен Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқалары ұсынылған.
Ғимараттар пандустармен, кіреберістерде тактильдік көрсеткіштермен және ішкі навигация жүйелерімен жабдықталған. Егер ғимараттарда мұндай инфрақұрылым болмаса, жергілікті атқарушы органдар уақытша пандустар мен бағыттаушы белгілер орнатуды қамтамасыз етеді.
Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі қарастырылады.
Сонымен қатар Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында пилоттық жоба аясында мүгедектігі бар сайлаушыларға арналған инновациялық шешімдер енгізілген арнайы учаскелер жұмыс істейтін болады.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, мұндай шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын толық жүзеге асыруға және референдум процесінің барынша қолжетімді болуына бағытталған.




