 
 Қазақстанда жеті өңірде прокурорлар тағайындалды
 Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды 
 "Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды", - делінген хабарламада.Жаңадан тағайындалған прокурорлар:
- Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
- Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
- Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
- Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
- Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
- Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
- Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
 Жаңалықтар   
 Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
- авторAdmin
- 30 қазан, 2025







