БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Өскеменде жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды

Өскеменде жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды
caption
Өскеменде жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды
Өскемен қаласындағы жанармай құю станциясы маңында жарылыс болды. Соның салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, бір баланың денесін күйік шалды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған. «Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», - делінген ақпаратта. Алдын ала мәлімет бойынша ол резервуарды тазалаған. Оған 12 жастағы туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталуда. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан 
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар