Астаналық ерлі-зайыпты telegram арқылы есірткі сатқан
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында telegram арқылы есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова ведомствоның онлайн брифингте осындай мәлімет айтты.
«Астаналық сақшылар telegram арқылы есірткі сатып келген интернет-дүкеннің жолын кесті. Күдікті отбасы астана аумағында ірі көлемде ескірті сатумен айналысқан. Сақшылар әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде аталған интернет-дүкенді назарына алады. Сайт әкімшісінің кім екені анықталғаннан кейін ізіне аңду қойылды. Сол арқылы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау көзделді», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Күдіктілерді ұстау операциясы бір мезетте екі мекенжайда қатар жүргізіліпті.
«Дүкен иесі синтетикалық есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды. Сондай-ақ көліктен сатуға деп дайындалған мефедроның 60 орамасы табылды. Ескірткіні көзден тасалау үшін сыраның умаждалған қаңылтыр банкасына жасырып, көлікке тыққан. Дәл осы кезде пәтерде дүкен иесімен бірге тұрып жатқан әйел де ұсталды. Ол есірткі сатуға сайттың әкімшісі ретінде араласқан. Мекенжайды тінту кезінде мефедронның 157 дозасы, есірткі салынған пластик науа, қарасора шайыры салынған 886 капсул табылды», - дейді ведомство өкілі.
Енді сақшылар күдіктілердің басқа сыбайластарын ұстауға күш салып жатыр.
«Осылайша ерлі-зайыптыдан 3 келі мефедрон және 260 грамм қарасора шайыры тәркіленді. Осының арқасында елорда көшелеріне жасырылуға тиіс болған 10 мың доза есірткінің жолы кесілді. Қазіргі таңда олардың мефедронды қайдан алып келгені белгілі болды. Астанаға мемефдрон жеткізушілердің байланыс арналары пысықталып жатыр. Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркілеуні мүмкін», - деді Ақтоты Боранова.
Дереккөз: Қазақпарат сайтынан
Келесі мақала