Контентке өту

10 МЛН ҚАРАЛЫМ, АШЫҚ ДРЕСС-КОД, ДАУ: КЕРІМ НАЙМАНБАЕВА ТУҒАН КҮНІМЕН ЕМЕС — ХАЙППЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ

10 МЛН ҚАРАЛЫМ, АШЫҚ ДРЕСС-КОД, ДАУ: КЕРІМ НАЙМАНБАЕВА ТУҒАН КҮНІМЕН ЕМЕС — ХАЙППЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ
Ашық дерек

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өткен Керім Найманбаеваның туған күні кәдімгі кеш емес, толыққанды хайп-жобаға айналды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала дайындалған формат, арнайы шақырылған блогерлер, қызыл атмосфера және ең бастысы — ашық дресс-код бұл кештің бағытын бірден айқындап берді.

Кештен тараған видеолар бірден желіге тарап, нәтижесінде бір ролик 10,8 миллион қаралым, ал қалғандары миллиондық көрсеткішке жетті. Бұл — жай мереке емес, нақты аудиторияға бағытталған контент болғанын көрсетеді.

Өзі бұл туралы қысқа ғана «Незабываемая ночь!» деп жазды. Бірақ дәл сол «түн» желіде үлкен дау туғызды. Бірі мұны батылдық пен заманауи тренд десе, енді бірі ашық сынға алды. «Артық», «шектен шыққан» деген пікірлермен қатар, «контентті дұрыс жасап отыр», «қаралым — нәтиже» деген қолдау да қатар жүрді.

Талқылауды күшейткен тағы бір жайт — блогердің жеке өмірі. Еске сала кетейік, Керім Найманбаеваның бір қызы бар. Осы фактіні алға тартқан желі қолданушылары кеш форматын одан сайын қызу талқылай бастады.
 

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты