Контентке өту

15 жасында ана атанды: Жамбылдағы даулы іс бір жылдан бері сотқа жетпеген

15 жасында ана атанды: Жамбылдағы даулы іс бір жылдан бері сотқа жетпеген
ашық дерек

Жамбыл облысында ерекше бақылауға алынған іс бойынша 15 жасында ана атанған жасөспірімнің оқиғасы қоғамда қызу талқылануда. Жәбірленуші тараптың айтуынша, ақыл-есінде кемістігі бар қызды бірнеше адам ұзақ уақыт бойы қорлаған болуы мүмкін. Алайда қылмыстық іс қозғалғанына бір жылға жуық уақыт өтсе де, іс әлі сотқа жетпеген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жасөспірім жүктілік кезеңінде дәрігерлердің бақылауында болған. Кейін босану үшін Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, оған кесарь тілігі жасалған. Дәрігерлердің мәліметінше, ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

«Анасының да, баласының да денсаулығы қалыпты. Қажетті медициналық көмек толық көрсетілді. Алдағы уақытта тұрғылықты жеріндегі емханада бақылауда болады», – деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлзада Әшірбаева.

Қыздың анасы күдіктілердің әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне алаңдайтынын айтады. Оның сөзінше, тергеу барысында түрлі қысымдарға да тап болған.

Ал Жамбыл облысы полиция департаменті аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, сәбидің әкесі болуы мүмкін бірнеше адам анықталған. Тергеушілер ДНҚ сараптамасын жүргізу үшін қыздың босануын күткенін мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, заң аясында толық әрі объективті шешім қабылданады», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады. Ал жәбірленуші тарап барлық кінәлі тұлғалар заң алдында жауап береді деп үміттенеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты