Контентке өту

«2 жылға сотталды»: Астанада блогер жұп Жанабыловтарға үкім шықты

«2 жылға сотталды»: Астанада блогер жұп Жанабыловтарға үкім шықты
Ашық дерек

Астанада блогер жұп Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды. Іс қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударған болатын, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Сот шешіміне сәйкес, Ерболат Жанабылов 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жаза шартты түрде белгіленіп, оның мүлкі тәркіленді. Ал Эльмира Төлегенова да 2 жылға сотталып, жаза өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Сот мәліметінше, тараптар арасында процессуалдық келісім жасалған. Прокурор бұл келісімді қолдап, айыпталушылардың курстарды сатудан түскен қаражатты толық қайтарғанын атап өткен. Айта кету керек, келісім жасау туралы өтінішті соңғы сөзінде Төлегенованың өзі көтерген.

Бастапқыда айыптау тарапы блогер жұпқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Алайда іс барысындағы келісім нәтижесінде жаза жеңілдетілді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогерлер ұтыс ойындарын ұйымдастырып, жүлде өз қаражаттарынан қаржыландырылып отырғандай әсер қалдырған. Шын мәнінде, қаржы қатысушылардан жиналғаны анықталған.

Айта кетейік, сот процесі 16 наурызда басталып, бүгін өз шешімін тапты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты