2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 46,9 мың адам қамтылды, 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 1,6 мың адам, жастар практикасында 894 адам, қоғамдық жұмыстарда 16,5 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,2 мың адам жұмыспен қамтылды,деп хабарлайды baq-orda.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 730 000 теңге) 9 мың грант беру жоспарланды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 13,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 9,8 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 2,7 мың адам оқуды аяқтады. Кәсіптік оқытуға 10 мың адам жіберу жоспарланып отыр.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталады. 2026 жылғы 1 наурызда Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 19,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.