Кездесу барысында елімізде 2027 жылы өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық мәселелері мен осы спорт түрін дамыту бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Тараптар халықаралық турнирге дайындық барысын, инфрақұрылымды жетілдіру және үстел теннисін кеңінен насихаттау жолдарын талқылады. Геннадий Головкин мұндай кездесулер Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына оң әсер ететінін атап өтті.