Контентке өту

22 жастағы қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

22 жастағы қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды
ашық дерек

Біріккен Араб Әмірліктерінде ауыр қылмыс жасады деген айыппен 22 жастағы қазақстандық Ернұр Алмахан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, оған 300 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, 18 наурыз күні Дубай қаласындағы бірінші сатыдағы сот оны бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, тиісті үкім шығарған.

Алайда сотталған азамат бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Осыған байланысты сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан елшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдарына ресми сұрау жолдаған. 21 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта жауап күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас консулдығы өз құзыреті аясында қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. Аталған іс Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Ашық деректерге сүйенсек, Ернұр Алмахан 2024 жылы жұмыс істеу мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне барған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты