Бүгін елімізде екі маңызды кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні және Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтуде, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл күн – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлері мен халыққа адал қызмет етуді басты міндет санайтын мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне құрмет көрсететін ерекше мереке.
Полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тәулік бойы қызмет атқарады. Олар қоғамдағы заң мен тәртіптің сақталуына үлес қосып, қиын жағдайда халыққа қолдау көрсетіп келеді.
Ал мемлекеттік қызметшілер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарады. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қоғам игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Ел тыныштығы мен халықтың әл-ауқаты жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!