Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланың құлағанын жақындары байқап қалып, бірден құтқару қызметіне хабар берген. Алайда тұрғындар баланы өз күштерімен шығара алмаған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы жіберіліп, мамандар арнайы құралдардың көмегімен баланы қауіпсіз түрде сыртқа алып шықты. Кейін бала 103 жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырылды.
Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналар балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауы керек.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауладағы қауіпті нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, балалардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.