Абай Бегейдің үлкен қызы, блогер Ерке Ниязқұлова әлеуметтік желідегі қызу талқыдан кейін оқырмандарына ресми түрде үн қатты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Блогер соңғы уақытта орамалына қатысты түрлі әңгіме мен болжамдардың көбейіп кеткенін айтып, жұрттан негізсіз пікір таратпауды сұрады. Оның сөзінше, бұл шешімге ешқандай адам, жағдай немесе түсірілім әсер етпеген.
«Орамалды ешқандай ситуацияға, клипке, ешқандай адамға байланыстырып, ойдан ештеңе құрастырмаңыздаршы. Мен ересек адам ретінде өзіме ғана қатысты шешім қабылдадым. Біреу киді, біреу шешті — ол менің шаруам емес. Әркім өз өміріне өзі жауап береді», — деп жазды блогер.
Сондай-ақ Ерке Ниязқұлова қазіргі таңда өзінің ішкі күйін түсіністікпен қабылдап, құрмет көрсетуді сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін желіде блогердің орамалсыз жүрген видеолары тарап, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туындаған еді.