Контентке өту

Абай Бегейдің үлкен қызы да хиджабын шешіп, көпшіліктің көзіне түсті

Абай Бегейдің үлкен қызы да хиджабын шешіп, көпшіліктің көзіне түсті
ашық дерек

Абай Бегейдің үлкен қызы, блогер Ерке Ниязқұлова соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұған оның образындағы өзгеріс себеп болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Желіде тараған видеолардың бірінде Ерке көпшілік шаралардың бірінде жаңа стилімен көрініп, орамалсыз жүргені байқалған. Алайда блогердің өзі бұл өзгеріске қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетерлігі, кеш барысында ол жақында ғана хиджабын шешкен сіңлісі Сымбат Абайқызымен бірге жүрген. Екі арудың жаңа образы әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды.

Кейбір желі қолданушылары олардың таңдауына құрметпен қарап, жеке өміріне араласпау керектігін айтса, енді бірі бұрынғы образын мысал етіп, сын пікірлерін де жасырмады.

Қазіргі таңда бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қызу талқыланып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты