Контентке өту

Абай насыбай атып, Міржақып кальян шеккен - блогер

Абай насыбай атып, Міржақып кальян шеккен - блогер
ашық дерек

Белгілі блогер Әлия Әшім әлеуметтік желіде тарихи тұлғалар туралы пікір білдіріп, қоғамның оларды қабылдау мәдениетіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, қазақтың көрнекті қайраткерлеріне қатысты тарихи деректер айтылған кезде қоғамда әртүрлі реакция қалыптасады.

«Абайдың насыбай атқаны немесе Міржақыптың кальян шеккені туралы айтылса, қазір қоғам оны ауыр қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл – тарихи деректер», – деді блогер.

Әлия Әшім мысал ретінде Абай Құнанбайұлы туралы жазылған естеліктерді атап өтті. Оның сөзінше, Тұрағұл Құнанбайұлы естеліктерінде Абайдың күнделікті өміріне қатысты түрлі деректер келтірілген.

Блогер мұндай мәліметтер тарихи тұлғалардың ұлылығына көлеңке түсірмейтінін айтты.

«Бұл оны жаман немесе жақсы адам етпейді. Бізде “ұлы адам болса, мінсіз болуы керек” деген түсінік бар. Бірақ адам – тірі тұлға, оның да әртүрлі қыры болады», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол қоғамның тарихи тұлғаларды қабылдау деңгейі рухани кемелдіктің көрсеткіші екенін жеткізді.

«Мұндай дүниелерді қабылдай алу немесе қабылдай алмау – қоғамның қаншалықты өскенін көрсетеді», – деді Әлия Әшім.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарихи тұлғаларға қатысты түрлі пікірлер жиі талқыланып, қолданушылар арасында әртүрлі көзқарас қалыптасып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты