Контентке өту

Абиба Әбужақынова жарақатына байланысты жарыстарға уақытша қатыспайды

Абиба Әбужақынова жарақатына байланысты жарыстарға уақытша қатыспайды
ашық дерек

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, дзюдошы Абиба Әбужақынова жарақатына байланысты халықаралық жарыстардан уақытша шеттетіледі. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, биылғы маусымды жоспарланғандай Grand Slam турнирінен бастай алмаған, себебі жарақаты кедергі келтіріп, ол Гран-при жарысынан бастауға мәжбүр болған, алайда әлі толық бабына келе қоймаған. Аустрияның Линц қаласында өткен жарыстан кейін оның белі қайта сыр беріп, жағдайы қиындай түскен. Қазіргі таңда ол толық ем қабылдауды жоспарлап отыр және әзірге ешқандай турнирге қатыспайтынын жеткізді, сондай-ақ татамиге қашан қайта оралатыны белгісіз екенін айтты. Сонымен қатар, Астанада өтетін Grand Slam турниріне дейін толық қалпына келіп үлгеру-үлгермеуі де нақты емес. Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақта күміс жүлдегер атанып, қазіргі таңда осы салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастап тұр, ал жуырда Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде қола жүлде үшін белдесуде нидерландылық қарсыласына жол берген еді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты