Контентке өту

«Әділет іздеп сен де өттің бе?»: Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтады

«Әділет іздеп сен де өттің бе?»: Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтады
ашық дерек

Қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде көңіл айту жазбасын жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі Шахановты шындық үшін күрескен, қайсар мінезді, ел мүддесін бәрінен биік қойған тұлға ретінде сипаттап, оның қазасын ауыр қабылдағанын жеткізді. Жазбада ақынның рухани биігі мен азаматтық болмысы ерекше аталып өтті.

«Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті!
Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе?..
Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол...»

Тебіреніске толы бұл жазба көпшілікке әсер етіп, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан кең қолдау тапты. Пікір қалдырушылар ақынның жарқын бейнесін еске алып, оның қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты