Контентке өту

Әділетхан Молдахан ісі: полиция оның бұрын сотталғанын мәлімдеді

Әділетхан Молдахан ісі: полиция оның бұрын сотталғанын мәлімдеді
ашық дерек

Алматы қалалық полиция департаменті жуырда ұсталған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның бұрын сотталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, ол бұған дейін бөтеннің мүлкін ашық жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға 2023 жылдың наурыз айында болған. Күдікті адамдар тобымен алдын ала келісіп, тұрғын үй сатып алуға ақша алып жүрген азаматқа шабуыл жасаған.

Олар жәбірленушінің көлігін аңдып, әдейі тоқтатып, күш қолдану арқылы ірі көлемдегі қаражатты иемденіп, кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Сот шешімімен Молдахан кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар полиция оның бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткенін, алайда теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын да мәлімдеді. Ведомство өкілдері оның әрекеттері полиция қызметкерінің абыройына нұқсан келтіргенін атап өтті.

Еске салайық, 31 наурыз күні Әділетхан Молдахан қайта ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты деген күдік тағылып отыр. Бұл жағдай Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты айтылған мәлімдемелерден кейін туындаған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты