Соңғы уақытта Айару Бақытбек сән көрсетілімдерінде жиі бой көрсетіп, желі қолданушыларының назарын өзіне аударып жүр, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Айару подиумға модель ретінде шықпаса да, сән кештеріне көрермен ретінде қатысып, өзінің ерекше стилі мен табиғи болмысымен көпшіліктің ықыласына бөленуде.
Әлеуметтік желі қолданушылары оның образындағы қарапайымдылық пен нәзіктікті ерекше атап өтуде. Көпшілік Айарудың өзін еркін әрі сенімді ұстайтынын айтып, оның табиғи харизмасына жоғары баға берген.
«Өте нәзік әрі табиғи көрінеді»,
«Артық жасандылық жоқ, өзіне жарасымды стиль»,
«Сабырлы сенімділік ерекше байқалады», – деп жазуда желі қолданушылары.
Айарудың сән көрсетілімдеріндегі қарапайым, бірақ талғамды образдары әлеуметтік желілерде жиі талқыланып, оң пікірлерге ие болып келеді.