Контентке өту

"Әйел ретінде маған өте ауыр тиеді": Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін ішінара мойындады

"Әйел ретінде маған өте ауыр тиеді": Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін ішінара мойындады
ашық дерек

Астанада өтіп жатқан сот процесінде блогер Эльмира Төлегенова өзіне тағылған айыптарға қатысты жауап беріп, кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот барысында ол заңсыз кәсіпкерлікке қатысты заң бұзылғанын түсінетінін айтып, бұл үшін жауап беруге дайын екенін жеткізді. Алайда қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру айыбымен келіспейтінін атап өтті.

Төлегенованың сөзінше, қаржы операциялары қолма-қол ақшаға айналдырылмаған, тек компания ішіндегі есепшоттар арасында жүргізілген. Осы себепті ол бұл айыптың негізін түсінбейтінін айтты.

Сонымен қатар блогер сотта эмоционалды күйде болып, бұл жағдайдың психологиялық тұрғыдан ауыр тиіп жатқанын жасырмады. Ол денсаулығына әсер еткенін айтып, соттан үзіліс жариялауды сұрады.

Айыпталушылар қатарында оның жұбайы — блогер Ерболат Жанәбілов та бар. Бұған дейін ол да сотта көз жасына ерік беріп, кінәсін ішінара мойындаған еді.

Тергеу мәліметінше, блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру») бойынша айып тағылған. Іс материалдарына сәйкес, олардың жобаларына қатысты шоттарға 247 миллион теңгеден астам қаражат түскен.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты