Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов денсаулығына қатысты маңызды жаңалық белгілі болды. Оған өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқас медициналық көмекке дер кезінде жүгінген. Ақынның ұлы әкесінің жағдайына алаңдап, уақыт оздырмай ем іздеуге белсенді кіріскені айтылды. Алғашында ол Түркиядағы екі бірдей клиникада тексеруден өткен.
Кейіннен отбасы емді жалғастыру үшін басқа медициналық орталықты таңдаған. Клиника өкілдері бұл шешімді науқастың өмірі үшін аса маңызды қадам ретінде бағалап отыр.
Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта ақынның жағдайында оң өзгерістер байқалады. Дұрыс таңдалған ем, тәжірибелі дәрігерлер және дер кезінде басталған күрес оның толық сауығып кету мүмкіндігін арттырып отыр.
«Уақытылы көрсетілген медициналық көмек пен кәсіби емдеу – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі», – дейді дәрігерлер.
Қазіргі таңда Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр. Жақындарының айтуынша, ақынның рухы мықты, ал отбасы оған жан-жақты қолдау көрсетуде.