Контентке өту

«Әкем араласқысы келмейтінін айтты»: Жанель Серғазина отбасы туралы жан сырын ақтарды

«Әкем араласқысы келмейтінін айтты»: Жанель Серғазина отбасы туралы жан сырын ақтарды
Ашық дерек

Актриса Жанель Серғазина әкесімен қарым-қатынасы туралы алғаш рет ашық айтып, бала күнінен бері ішінде жүрген өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол әкесін соңғы рет төрт жасында көрген. Кейін әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болған.

«Өсе келе университетте оқып жүргенде бәрі руын сұрайтын. Мен анамның руын айтып, қыпшақпын дейтінмін», – деді актриса.

Жанель уақыт өте келе туған әкесін іздеп тауып, онымен кездесуге мүмкіндік болғанын айтты. Алайда бұл кездесу оның өміріндегі көп сұраққа жауап бергенімен, арадағы қарым-қатынастың жалғасуына себеп болмаған.

«Әкемді тауып, сөйлестім. Бірақ ол кезде оның өз отбасы бар еді. Мен олардың ортасына түсіп, тыныштығын бұзғым келмеді. Кездескен кезде сөйлестік. Ол кісі араласқысы келмейтінін айтты. Мен де сол жерден тоқтадым», – деді актриса.

Жанель Серғазина бұл жағдайға өкпе сақтамайтынын, әр адамның өз таңдауы бар екенін түсінетінін жеткізді.

Айта кетейік, актриса сұхбат барысында Еркеш Хасенмен таныстығы, әлеуметтік желідегі хейт, қызының тәрбиесі және өнер жолындағы қиындықтары туралы да ашық әңгімеледі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты