Контентке өту

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: марқұм қыздың әкесі 100 млн теңге өтемақы талап етті

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: марқұм қыздың әкесі 100 млн теңге өтемақы талап етті
ашық дерек

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі сот барысында күдіктіден 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді талап етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қызының қазасы отбасы үшін орны толмас қайғыға айналған. Әкесі сотта ешқандай материалдық өтемақы перзентінің орнын баса алмайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, талап етіліп отырған қаражат пайда табу мақсатында емес, әділдік орнату үшін сұралған.

«Бұл ақшамен қызымды қайтара алмаймын. Бірақ болған жағдайға құқықтық әрі моральдық баға берілуі керек», – деген ұстанымын білдірді жәбірленуші тарап.

Қазіргі уақытта атышулы жол апатына қатысты сот процесі жалғасуда. Іс бойынша барлық мән-жай сот отырыстарында қаралып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты