Контентке өту

Әл-Фарабидағы апаттан кейін: мәлімдеме жасаған заңгер неге ұсталды?

Әл-Фарабидағы апаттан кейін: мәлімдеме жасаған заңгер неге ұсталды?
ашық дерек

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін жағдай жаңа бағытқа бұрылды. Апатқа қатысты ашық пікір білдірген заңгер Әділетхан Молдаханнің ұсталғаны қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Заңгердің ұсталғаны туралы оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, Әділетхан Молдахан бастапқыда тергеуге шақырылған, алайда кейіннен нақты түсініктемесіз қамауға алынған.

«Біз полиция департаментінің алдында тұрмыз. Әділетханды тергеуге шақырған еді, бірақ кейін оны еш себепсіз ұстап отыр. Адвокат куәлігін көрсетсек те, ішке кіргізбей жатыр», – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік апаты болып, салдарынан үш жас азамат көз жұмған еді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, түрлі болжамдар айтылды.

Аталған жағдайға байланысты алғашқылардың бірі болып пікір білдірген Әділетхан Молдахан апаттың жай ғана кездейсоқ жағдай емес екенін меңзеген. Оның сөзінше, сол түні бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фараби бойымен өте жоғары жылдамдықпен жүрген.

Сонымен қатар, заңгер кейбір көліктер жалған мемлекеттік нөмір қолданғанын және олардың арасында құқық қорғау органдарына қатысы болуы мүмкін тұлғалар бар екенін де атап өткен болатын.

Қазіргі уақытта полиция департаменті заңгердің ұсталуына қатысты ресми түсініктеме бермеді. Бұл жағдай қоғамда сұрақтарды көбейтіп, істің мән-жайына қатысты түрлі пікірлердің туындауына себеп болуда.

Оқиғаның мән-жайы мен ресми ақпараттар алдағы уақытта белгілі болады деп күтілуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты